Бастысы, әйелдерге арналған бөлек жер және ол жерге барар жол көпшілікке көрінбейтіндей болуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Солай бола тұра Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы әйелдердің намазын өз үйінде оқығаны абзал екенін мәлімдеген.
– Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы" деген. Ханафи мәзһабының ғалымдары фитнаға (бұзақылық) түсіп қалу қаупі болғандықтан, жас әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуын мәкруһ санаған. Ал жасы үлкен, қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намазда мешітке бара алады, – деп жазылған хабарламада.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі "Басты мақсат – әйелдің абыройы мен қоғамда түрлі бүліктің тууына жол бермеу" деп отыр.