ҚМДБ Алматыдағы KFC мейрамханаларын тексерді

1044

ҚМДБ Алматыдағы KFC мейрамханаларын тексерді

ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның Алматы қаласы бойынша жауапты өкілдері KFC мейрамханаларында тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бақылау барысында мейрамхананың азық-түлігі, өнімнің жарамдылық мерзімі, қоймалары толығымен қаралды. Сонымен қатар, мейрамхана тазалығына да аса мән берілді. Өкілдер тексеруден кейін мейрамханалардың қызметі "Халал" стандарттың талаптарына сай орындалып жатқанын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ҚМДБ сертификатына ие болған мейрамхананың өнімдері толығымен зертханалық тексеруден өткен. Қазақстандағы "KFC" мейрамханалары "Ресей муфтияты кеңесі" мақұлдаған, "Халал" сертификатын алған "Белая птица" құс фабрикасының етін алады. Яғни шариғат әдебіне сай бауыздалған құстың еті ғана қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу