ҚМДБ биылғы пітір садақа мөлшерін бекітті

1349

Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. 

ҚМДБ биылғы пітір садақа мөлшерін бекітті

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Рамазан айы қарсаңында дәстүрлі Төралқа мәжілісі өтті. Жиында биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады. 

"ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны ұнның республика бойынша есептегенде нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал", – деп жазылған хабарламада. 

Еске сала кетсек, биыл мұсылмандар үшін қасиетті ай – Рамазан 24 сәуірде басталады. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеген болатын.     

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу