ҚМДБ діни сұрақтарға жауап алуды одан сайын жеңілдетті

Мүфтият жаңадан тегін 1511 қысқа нөмірін іске қосқанын хабарлады.  

ҚМДБ діни сұрақтарға жауап алуды одан сайын жеңілдетті Фото: kaztag.kz

Бұл ақпаратты Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайты жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта 1511 қысқа нөмірі арқылы Kcell, Activ, Beeline және Қазақтелеком байланыс операторларының абоненттері тегін хабарласу мүмкіндігіне ие.

Тиісінше, Tele2 және Altel желілерін пайдаланатын азаматтарға +7 707 233 30 30 байланыс нөмірі ұсынылады.

– Енді діни сұрақтарға жауап алу бұрынғыдан да оңай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы азаматтарға жедел әрі қолжетімді ақпарат беру мақсатында ҚМДБ Call орталығының жаңа тегін 1511 қысқа нөмірін іске қосты.

Бүгіннен бастап кез келген азамат 1511 нөміріне қоңырау шалып, діни мәселелер бойынша өзіне қажетті мәліметті тікелей білікті мамандардан ала алады, – делінген ресми хабарламада.

Бұл бастама қоғамға ресми әрі сенімді ақпарат көзін ұсынуға бағытталып отыр.

Мүфтият алдағы уақытта да қоғаммен байланысты жүйелі түрде дамытуға күш салмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу