ҚМДБ масаң күйде ұсталған имамның әрекетіне қатысты пікір білдірді

267

Имамның нақты қандай сусын ішкені жөнінде әзірге мәлімет жоқ. 

ҚМДБ масаң күйде ұсталған имамның әрекетіне қатысты пікір білдірді Фото: muftyat.kz

Қостанай облысының бұрынғы бас имамы Бахытбек Тәжімбет Бурабайдағы "Регион" түнгі клубының жанында "Хайландер" көлігімен кетіп бара жатқанда ұсталған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Кейін өңірдің бас имамы жұмыстан қуылып, 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған еді.

Аталған оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы пікір білдірді.

"Қостанай облысы бойынша бұрынғы өкіл имам Бақытбек Тәжімбеттің Бурабайда қандай сусын ішкендігі жөнінде бізде нақты ақпарат жоқ", - дейді Діни басқармадан.

ҚМДБ-ның мәліметінше, қымыз – биенің сүтінен дайындалатын табиғи өнім және ежелден келе жатқан қазақтың дәстүрлі сусыны болғандықтан ислам шариғаты қымыз ішуге тыйым салмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу