Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысындағы Кеңсесіне жаңа басшы тағайындалды. Жаңа басшыны ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы "Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи" орталық мешітінде көпшілік жамағатқа таныстырды, деп хаюарлайды muslim.kz.
Кеңсе басшысы болып наиб мүфти, ғалым, ұстаз Алау Әділбаев тағайындалды. Бас мүфти жаңа басшының алдағы уақыттарда атқаратын жұмысына сәттілік тіледі. Еліміздегі діннің өркендеуіне қосар үлестерінің көп болуы үшін дұға етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу