Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Астана қаласында өткен төралқа мәжілісінде ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мәлімдеді, деп хабарлайды muftyat.kz.
Бас мүфти өз кезегінде: "Наурызбай қажы Тағанұлының діни салада тәжірибесі мол. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен дін қызметкерлері арасындағы беделін ескеріп, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы қызметіне тағайындадым", – деп атап өтті.
Айта кетейік, Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы филиалы ашылатын болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу