ҚМДБ: Жаназаға 30 кісіден артық жиналмауға шақырамыз

1271

Дене қызуы немесе жөтелі бар адам жаназа намазына мүлде қатыспауы керек. 

ҚМДБ: Жаназаға 30 кісіден артық жиналмауға шақырамыз

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров мәлім етті. 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустық инфекция кезінде жаназа мен құдайы ас беру бойынша мәлімдеме жасады. Оның мәтініне сәйкес діни басқарма еліміздің мұсылман қауымын жаназа намазы мен құдайы астарға қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді: жаназа намазына бір ғана діни қызметкер мен тек отбасы және жақын тумаларының ғана қатысуына шақырамыз. Жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмай, дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына және жаназа намазына келуші кісілерді міндетті түрде санитарлық нормаларды, оның ішінде бетперде тағу, медициналық қолғап кию және екі метрден кем емес арақашықтық сақтауға үндейміз", – деді Ершат Оңғаров.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу