ҚМГ "Атырау-Самара" бағытында мұнай тасымалын арттыруды жоспарлауда

801

2020 жылдың мамыр айында жеткізілетін мұнай көлеміне қатысты ақпарат Энергетика министрлігі шикізат тасымалдау кестесін бекіткеннен кейін белгілі болады.

ҚМГ "Атырау-Самара" бағытында мұнай тасымалын арттыруды жоспарлауда

"ҚазМұнайГаз" мамыр айында "Атырау-Самара" бағыты бойынша мұнай тасымалын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМГ мамырда "Атырау-Самара" бағыты бойынша мұнай жеткізу көлемін көбейтуді жоспарлауда. Шикізат тасымалының нақты көлемін Энергетика министрлігі белгілейді", – деп жазылған хабарламада.

Сәуір айында аталған бағыт бойынша тасымалданған "қара алтын" көлемі 610 мың тоннаны құраған. Компания деректеріне сүйенсек 2019 жылы "Атырау-Самара" құбыры арқылы 14,3 млн тонна мұнай тасымалданса, оның 6,2 млн тоннасы ҚМГ ресурсы.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдыраған кезінде шикізатты "Каспий құбыр консорциумы" арқылы емес, "Атырау-Самара" бағыты бойынша жеткізген экономикалық жағынан тиімдірек.  

"2020 жылдың мамыр айында жеткізілетін мұнай көлеміне қатысты ақпарат Энергетика министрлігі тасымалдау кестесін бекіткеннен кейін белгілі болады", – дейді компаниядан.

Жалпы аталған бағыт бойынша ең жоғарғы шикізат жіберу көлемі жылына 17,5 млн тоннаны құрайды.

"ҚазТрансОйл" АҚ осы бағыт бойынша қосымша мұнай қабылдап, тасымалдауға дайын", – деп жазылған хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу