"ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорны – KMG Barlau маусым айында Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан "Береке" учаскесінде 3D CMP сейсмикалық барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Нефть и газ Казахстана Telegram арнасына сілтеме жасап.
"Береке" учаскесінің болжамды геологиялық ресурстары шамамен 324,3 миллион тонна мұнай мен 128,6 миллиард текше метр газды құрайды.
Учаскедегі жұмыстар 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін жүргізіледі.
Компания 12 км тереңдіктегі жер асты қабаттары туралы геологиялық ақпарат алуды жоспарлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу