"ҚМГ" бензол мен параксилолды ЕО елдеріне экспорттау құқығына ие болды

694

Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілетін мұнай-химия өнімдері – бензол мен параксилол REACH халықаралық сертификациясынан өтті.

"ҚМГ" бензол мен параксилолды ЕО елдеріне экспорттау құқығына ие болды

"ҚазМұнайГаз" бензол мен параксилолды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығару құқығына ие болды, деп хабарлайды компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті.

"Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілетін мұнай-химия өнімдері – бензол мен параксилол REACH халықаралық сертификациясынан өтті. Бұл оларды Еуропалық одақ елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік береді",– деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, REACH сертификаты тек халықаралық сапа сертификаттарын иеленген өнімдерге ғана емес, сонымен қатар Еуроодақ регламентінің талаптарына сай келетін өнімдерге де беріледі.

REACH сертификатын рәсімдеу бірнеше кезеңмен жүргізілген: тіркеу нөмірін алу үшін барлық қажетті құжаттама дайындалды, импорттаушы – ұйымды, яғни "АМӨЗ" ЖШС Химиялық заттар жөніндегі еуропалық агенттігінде (ECHA) тіркеу, сондай-ақ деректерді бірлесіп беру жүйесіне (Joint Submission) қосу жүргізілді.

Еске сала кетсек, жаңғырту кезінде АМӨЗ-де салынған ароматикалық көмірсутектерді өндіру кешені жылына жоба бойынша 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол өндіре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу