Жобаға инвестицияның жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгені құрайды, жұмыс бағдарламасында 2 ұңғыманы бұрғылау және 430 км2 көлемінде 3Д сейсмикалық барлау жүргізу көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен Маңғыстау облысында орналасқан "Өзен Северный" учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер басталды.
2025-2028 жылдарға жоспарланған инвестициялар көлемі 2 млрд теңгеден асатын болады, ал екі іздеу ұңғымасын бұрғылау қарастырылған.