ҚМГ мен Абу-Даби порттары мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады

"ҚазМұнайГаз" бен Абу-Даби порттары теңіз жүктерін тасымалдау және Каспийдегі танкерлер мен сауда флотына инвестиция салу саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. 

ҚМГ мен Абу-Даби порттары мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады Фото: Егемен Қазақстан

ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 27 желтоқсанда Абу-Дабиге жұмыс сапарымен барып, онда порттардың бас директоры Мохамед Жұма Аль-Шамсимен кездесті.

"Кездесуде тараптар теңіз және жағалаудағы жүк тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, Каспий аймағындағы танкерлер мен сауда флотына инвестицияларды дамытуды талқылады", – деп жазылған ҚМГ хабарламасында.

Сонымен қатар, ҚМГ мен Абу-Даби порттары Каспий теңізіндегі ірі теңіз мұнай-газ жобаларына қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне назар аударды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу