"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және Linde технологиялық компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМГ сайтына сілтеме жасап.
Тараптар ынтымақтастық және Қазақстанда таза энергетика саласындағы жобаларды бірлесіп әзірлеу жөнінде келісті. Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі аясында шикізат түрінде табиғи газды ("көгілдір" сутегі және "көгілдір" аммиак) және/немесе су электролизін (жасыл немесе көгілдір сутегі және "жасыл" немесе "көгілдір" сутегі) пайдалану арқылы сутегі мен аммиак өндіру мүмкіндігі зерделенеді.
Техникалық-экономикалық негіздеме жүргізіліп, уағдаластықтар өз жемісін бергеннен кейін Қазақстан аумағында "жасыл" сутегі мен "жасыл" аммиак өндірісі жобасын іске асыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Linde энергетиканың таза технологиялары және өнеркәсіптік газдардың дәстүрлі технологиялары саласында озық техникалық шешімдерді ұсына алатын ірі кәсіпорын. Солардың ішінде "жасыл" сутегі мен аммиакты өндіру, тасымалдау және сақтау, ауаны бөлу, көмірсутек шикізатының бумен риформингі қондырғыларын, электролизерлерді, аммиак қондырғыларын, CO2 анықтау қондырғыларын, табиғи газды өңдеу зауыттарын салу және басқалар.