Кездесу барысында "Қаламқас-теңіз және Хазар" жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "ҚМГ" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құжат ҚМГ мен ЛУКОЙЛ компаниялары арасында кен орындарды бірлесіп игерудің тұжырымдамасын, талаптары мен шарттарын айқындау жөнінде одан әрі келіссөз жүргізуді көздейді.
Айта кетейік, қос компания Қарашығанақ, Теңіз, Әл-Фараби, Жеңіс жобаларына, Каспий Құбыр Консорциумы мұнай тасымалдау жобасына, сондай-ақ Хвалынск және Орталық кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорындарға қатысады.