banner

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді бірге өндіруге қатысты келісті

1196

Жобаның операторы – "Жеңіс Оперейтинг" ЖШС.

ҚМГ мен ЛУКОЙЛ Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді бірге өндіруге қатысты келісті

Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ және ҚР Энергетика министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Жобаның операторы – "Жеңіс Оперейтинг" ЖШС (ҚМГ мен ЛУКОЙЛ-дың бірлескен кәсіпорны).

Айта кетсек, Жеңіс учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторы акваториясының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Кемелер үшін ең жақын порт – Ақтау қаласы (180 км). Блоктың жалпы ауданы – 4 772,23 шаршы км. Судың тереңдігі –75-100м. 2018 жылдың қараша айында ЛУКОЙЛ мен ҚазМұнайГаз бірлесіп жұмыс істеу және Жеңіс жобасын қаржыландыру бойынша келісімге келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу