ҚМГ-нің еншілес компаниялары – "ҚазТрансОйл" АҚ және "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС басшылары мен отандық кәсіпорындар арасында бірқатар келісімге қол қойылды.
"ҚазТрансОйл" АҚ қазақстандық "KARLSKRONA LC AB" компаниясымен магистралдық құбырларға арналған сорғы агрегаттарын ықтимал жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум түзді. Магистралдық сорғылар тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардан өтеді және сараптама комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда, "ҚазТрансОйл" АҚ "KARLSKRONA LC AB" компаниясымен жабдықтың осы түрін сатып алуға оффтейк-шарт жасасады.
"АМӨЗ" ЖШС "Zhaik Petroleum" ЖШС-мен жалпы сомасы 11,2 млрд теңгеге 2022 – 2024 жылдар кезеңіне көлемі 70 мың тоннадан астам метанолды ұзақмерзімді жеткізуге оффтейк-шарт жасасты.
Айта кетсек, өткен жылы ҚМГ компаниялар тобы бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2 триллион 50 млрд теңге болды. Оның ішіндегі жергілікті қамту – 81%, яғни 1 триллион 658 млрд теңгені құраған.