ҚМГ-ның экс-басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды

787

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚМГ-ның экс-басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жарияланды

"Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді", – дап жазылған хабарламада.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген адамға ақшалай сыйақы беріледі. Көрген-білгендер агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуларына болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу