ҚМГ және ExxonMobil отандық мұнай-газ саласына озық технологияны бірлесіп енгізуге уағдаласты

136

Нью-Йорк қаласында (АҚШ) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденнің кездесуі өтті.  

ҚМГ және ExxonMobil отандық мұнай-газ саласына озық технологияны бірлесіп енгізуге уағдаласты Фото: kmg.kz

ҚазМұнайГаз және ExxonMobil мұнай-газ секторына арналған инновациялық технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚМГ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстандағы ортақ жобалары аясында ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ өндірісте инновациялық технологияларды енгізу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

А.Хасенов атап өткендей, ҚМГ ExxonMobil компаниясымен инновациялар саласында ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді. Бұл өз кезегінде ресурстық базаны тиімді әрі ұтымды игеруді тереңдетіп, оның дамуына серпін береді. Америкалық серіктестердің көлбеу бұрғылауды қолдану және мұнай өндіруді қарқындату тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады.

Инновациялық шешімдерді таныстыру үшін компаниялар бірлескен технологиялық сессиялар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚМГ мен ExxonMobil арасында мұнай-газ секторында жаңа технологиялар бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Құжатқа ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов және ExxonMobil аға вице-президенті Питер Ларден қол қойды.

– ExxonMobil – ірі жобалар бойынша ҚазМұнайГаздың стратегиялық серіктесі. Біздің озық технологияларды енгізу жөніндегі бірлескен күш-жігеріміз Қазақстанның мұнай-газ секторын тұрақты дамытуға және мұнай өндіру тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін, – деді ҚМГ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу