Қобда ауылын су алмас үшін тас жолдың бір бөлігі қазылды

673

Ақтөбе облысында Қобда ауылын су алмас үшін "Самара-Шымкент" тас жолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қобда ауылын су алмас үшін тас жолдың бір бөлігі қазылды Фото: Видеодан скриншот

"Қазавтожол" ММ мәліметінше, Ақтөбе өңірінің жергілікті атқарушы органы мен төтенше жағдайлар департаментінен осындай өтінім түскен.

"Қобда ауылын су алмас үшін және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар “Самара-Шымкент” тасжолының 613 шақырымындағы учаскесін қазу туралы шешім қабылданды. Жол бөлігін қазу жұмыстары басталды. Балама бағыт келесідей: Орал-Қобда-Ойыл-Шұбарқұдық-Ақтөбе", - делінген хабарламада.

Өңірде су тасқыны қаупі сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу