Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері 49 жылға жалға берілмек

1789

Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылады.  

Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері 49 жылға жалға берілмек

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдерін жалға беруге байқау жариялады, деп хабарлайды akmo.gov.kz.

"Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ су объектiлерiн оқшау немесе бiрлесiп пайдалануға беру жөнiндегi конкурс туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзiмi – 2020 жылғы 27 шiлде, сағат 12-00-ге дейiн қабылданады", – деп хабарланды басқарма сайтында.

Су объектілерін конкурстық негізде пайдалануға беру конкурсына Көбейтұз бен Қоржынкөл көлдері қойылған. Оларды рекреациялық мақсатта 49 жылға жалға беру көзделіп отыр.

 Еске сала кетсек, елордадан 170 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көліне карантин біткенше баруға тыйым салынған болатын. Енді Көбейтұз көлінен тұз бен батпақ алғандар жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу