Көбейтұзға ерекше мәртебе береміз – Мағзұм Мырзағалиев

1629

Министр Көбейтұз көлін қорғаудың екі жолын атады.

Көбейтұзға ерекше мәртебе береміз – Мағзұм Мырзағалиев

Астаналық жұрттың аяғына тапталған Көбейтұз көлінің тағдыры қалай шешілетінін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады.

"Шынымен де соңғы айдағы жағдайлар қысқа ғана уақыттың ішінде табиғатқа қаншама зардап әкелуге болатынын көрсетіп берді. Көбейтұз – бірегей көл. Мобильді бекеттер мен шлагбаум қою арқылы проблема шешілмейді. Өйтені шлагбаумды айналып өтетіндер қашан да табылады. Сондықтан бұл істі екі жолмен шешу қажет. Біріншісі – экологиялық ағарту жұмыстары және айыппұлды көбейту. Екіншіден, көлдің бірегейлігін ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақ статусын бермекшіміз. Көбейтұзды ерекше күзетілетін аумақ тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. Мемлекет оны күзетке алады. Адам аяғы басатын жердің бәріне күзет қоя алмаймыз. Біз  азаматтарымыздың экологиялық санасына үміт артамыз", – деді министр онлайн-брифингте. 

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу