"Көбі Шымкентте қалды" – Түркістанда жаңа кәсіпорындар ашылады

1072

Түркістан жаңа облыс болып құрылғанда өнеркәсіп саласындағы ірі кәсіпорындардың басым көпшілігі Шымкент қаласында қалып қойды. Сондықтан өндіріс саласын қайта құру аймақтың басты мақсаты болып отыр.  

"Көбі Шымкентте қалды" – Түркістанда жаңа кәсіпорындар ашылады

Мұны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты және 2022-2023 жылдары салу жоспарланған зауыттарды таныстырды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Өнеркәсіп әлеуетін дамытуға жеке инвестиция тартуға көбірек көңіл бөлінеді", – деді ол.

"Састөбе" химиялық кешені – құны 136 млрд теңге тұратын зауыт. Мұнда каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді және цемент шығарылмақ. Мыңнан астам жұмыс орыны ашылмақ.

Мұнай өңдеу зауыты (130 млрд теңге) – бесінші класты матор отыны мен мұнай-химия өнімдерін өндіретін зауыт. Нарықтағы құны – Мұнда 650 жұмыс орыны болады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Фосфор кендерін өңдеу зауыты мен Цианид натрий өндіретін зауыт. Бұларда да мыңнан астам жұмыс орыны құрылады екен.

"Қазіргі уақытта Көмір-химия комбинатының құрылысы бітті. Қазір өнім беріп жатыр. Көмірден мұнай өнімдерін өндіретін бірден бір зауыт болады бұл", – дейді Шөкеев.

Оның айтуынша, 50-ден астам орта деңгейдегі кәсіпорын құрылған. Аймақта өнеркәсіп өнімінің көлемі 530 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы деңгей артығымен орындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу