1916 жылғы көтеріліс туралы кітап шықты

1451

Биыл оқиғаға 105 жыл болады.

1916 жылғы көтеріліс туралы кітап шықты

"1916 жылғы Қазақтардың көтерілісі" атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл туралы Досым Сәтпаев әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады inbusiness.ks тілшісі.

"1916 жылғы көтеріліс – XIX ғасырдағы Кенесары Қасымов көтерілісінен кейінгі және патша империясы құлағанға дейінгі Орта Азиядағы ең ірі көтерілістердің бірі", – дейді ол.

Айтуынша, бұл көтеріліске тек патша жарлығы себеп болмаған, одан да көп себеп бар. Оған кітапта ұсынылған "ерекше құжаттар" дәлел. Кітап жақында кітап дүкендерінде сатыла бастайды.

"Бұл – "Сөз" әдеби жобасы аясында менің жеке мәдени-ағарту қорымнан басылып шыққан XX ғасырдың бірінші жартысына арналған үшінші кітап. Бұл кезеңде біздің тарихтың ақтаңдақтары бар", – дейді Сәтпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу