Көбік кешінде қызды тоқ соқты: Ұзынкөл ауданының екі шенеунігі қызметінен босатылды

769

Аудан әкімі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Көбік кешінде қызды тоқ соқты: Ұзынкөл ауданының екі шенеунігі қызметінен босатылды Фото: inbusiness.kz

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында көбік кешін ұйымдастыруға жауапты шенеуніктер қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

25 тамызда Жастар күніне орай өткен шарада ток соққан тоғыз жасар қыздың жағдайы ауыр.

Қостанайға шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының екі маманы қосымша тексеру мен кеңес алу үшін келді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, нәтижесінде қылмыскерлер анықталатын болады, деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.

"Бұған дейін облыс әкімі бұқаралық іс-шаралар кезінде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін айтқан болатын. Қайғылы оқиғаға байланысты Ұзынкөл ауданының әкімі тиісті бақылау болмағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар шараны ұйымдастыру мен өткізуге әкімдік тарапынан жауапты аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы қызметінен босатылды", деді Ринат Мұхаметқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу