Көбірек жұмыс істейтіндер салықты да көбірек төлеуі керек пе?

962

Үкімет жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізуді (адамдардың табысына қарай көп немесе аз салық салу – авт.) зерделеп жатыр, бірақ әзірге іске қосу жоспарда жоқ. 

Көбірек жұмыс істейтіндер салықты да көбірек төлеуі керек пе?

"Бұл әдемі естілетін шығар, бірақ азаматтарға да, үкіметке де тиімсіз болуы мүмкін", дейді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Жеке табыс салығы (ЖТС) прогрессивті шкаласын енгізу, мүмкін, кейбір елдерде жұмыс істейтін құрал шығар. Ал Қазақстанға келетін болсақ, талдау жүргізілді, мәселе сарапшылармен талқыланды, қазіргі уақытта мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Оны қосымша талқылау керек. Өзіндік нәзік тұстары бар, жайдан жай біреуге 20%, біреуге 5% немесе 0% енгізе салуға болмайды. Қазір барлығына бірдей 10% шкала, бәріне бірдей көзқарас ұстанып отырмыз. Мысалы, шартты түрде айтсақ орта санатты, орта бизнеспен айналысатын адамдар бар. Олар жақсы ақша табады, кірісі елдегі орташа кірістен жоғары. Бірақ олар "мен көп жұмыс істеймін ғой, неге көбірек салық төлеуім керек?" деп сұрайды. Сондықтан иә, мүмкін, бұл нәрсе кереметтей көрінетін шығар, бірақ шын мәнінде, біз күткен нәтижеге қол жеткізе алмауымыз мүмкін", − деді министр.

Оның пікіріне қарағанда, ЖТС прогрессивті шкаласы енгізілсе, капиталды елден әкету және нақты табыс көлемін төмендетіп көрсету жағдайлары пайда болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу