Әлемде кофе бағасы соңғы12 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, оның "робуста" сұрпы қымбаттап кеткен. Сарапшылар бұған ең әуелі қуаңшылық себеп дейді. Өйткені, осы сұрыпты өсіруден әлемде бірінші орында тұрған Вьетнам ауа райының қолайсыздығы салдарынан биыл аз өнім жинаған.
Екінші ірі экспорттаушы ел Бразилия да құрғақшылық зардабын тартып отыр. Ал, әлем халқының сұранысы күрт артып кеткен.
Сарапшылар кофе сұрыпының бағасы 20 пайызға дейін қымбаттады, дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу