Қоғам бай мен кедей деп екі топқа бөлінді – депутат халықтың әлеуметтік жағдай туралы

4455

Оның пікірінше, елде орта тапты қалыптастыру керек.  

Қоғам бай мен кедей деп екі топқа бөлінді – депутат халықтың әлеуметтік жағдай туралы

Елдегі саяси жағдай тұрақталғасын халықтың әлеуметтік жағдайдың жақсарту керек. Бұл туралы Atameken business телеарнасына берген сұхбатында мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Депутат бүгінде халық Мемлекет басшысын қолдау керек деген пікірді ұстанады.

"...Мемлекет басшысы батыл шешімдер қабылдады. Біз ұзаққа созбай, шұғыл түрде "өртті" сөндіруіміз керек. Қазір біздің ортақ үйіміз өртеніп жатыр. Сондықтан біз оны сөндіруіміз қажет. Қалғаны мәселелерді кейін шешуге болады деп ойлаймын", - деді Азат Перуашев.

Ол елдегі саяси жағдай тұрақталғасын Қазақстандағы әлеуметтік мәселелерді шешу керегін атап өтті.

"...Қоғам бай мен кедей деп екі топқа бөлінді. Бізге тұрақты орта тап керек. Ол жайдан жай пайда болмайды. Оны құру керек. Мысалы, кәсіпкерлікті алуға болады. Онда шешімін таппаған көптеген кедергі бар. Елдегі бірінші жау – коррупция. Бұл мәселені де шешу керек", - деді депутат.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу