Қоғам белсендісі әкім Амандық Баталовтың отставкаға кетуін талап етті

1369

Қол астындағы қызметкерінің жемқорлық әрекеті үшін әкім жауап беруі тиіс, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қоғам белсендісі әкім Амандық Баталовтың отставкаға кетуін талап етті

Қоғам белсендісі Қайрат Дүзгенбаев осылай деп Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың отставкаға кетуін талап етуде. Оған басты себеп – тікелей қарамағында жұмыс істейтін 2 лауазымды тұлғаның "пара алды" деген күдікпен қамалуы. ЗКТ: Еске салсақ, "су құбырын жүргізетін компания директорынан атқарылған жұмысты қабылдап алу үшін 10 млн теңге талап етті" деген айыппен Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің қамауға алынғаны кеше ресми расталған.

Онымен бірге Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы мен орынбасары ұсталды.  Ал Серікжан Ерекешевтің өзі Талғарға әкімі болып 6 ай бұрын ғана келген. Екінші қылмыс – Облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарованың қатысуымен тіркелді. Тергеу құжатына сәйкес, шенеунік – пара ретінде 37 млн теңге алған. Айта кетейін, 68 жастағы Амандық Баталов Алматы облысына 2014 жылдан бері әкім болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу