Қоғамда жаңа Конституцияның жобасына үлкен қызығушылық бар – Ерлан Қарин

Ата заңның жобасына ұсыныстар, сын мен пікірлер және ескертпелер де айтылып жатыр.  

Қоғамда жаңа Конституцияның жобасына үлкен қызығушылық бар – Ерлан Қарин Фото: Конституциялық сот

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол бүгінгі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында қоғамдық талқылаудың ашық өтіп жатқанын жеткізді. 

– Жарты жылға жуық уақыт аралығында азаматтар мен сарапшылардың, түрлі ұйымның ұсыныстары мен бастамалары негізінде әзірленген және Конституциялық комиссияның ашық әрі тиімді жұмысының нәтижесінде жазылған жаңа Конституцияның мәтіні өткен аптада жарияланды. Қоғамдық талқылау басталды. Қоғамда жаңа Конституцияның жобасына үлкен қызығушылық бар екені байқалды. Азаматтардың көбі, сарапшылар, кәсіби мамандар, түрлі қоғамдық және саяси ұйымдардың өкілдері, ел тұрғындары 1995 жылғы қабылданған Ата заңмен салыстыра келе, жаңа Конституцияның ұтымды тұстары мен артықшылықтары көп екенін айталуда, – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандығына басымдық берілгенін сөз етті. Сонымен қатар, көпшілік те мұны білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның орталық идея ретінде айқындалғанын атап өтті. Шыны керек, жаңа Конституцияда Егемендік пен Тәуелсіздік құндылықтары айқын көрсетіліп отыр. 

– Жалпы, құжатта көптеген мәселе қамтылғаны айтылды. Сонымен қатар, басқа да ұсыныстар және сын мен пікірлер, ескертпелер де айтылып жатыр. Ашық талқылау болғаннан кейін, осылай болғаны орынды. Жаңа мәтінді сол үшін жұртшылықтың назарына ұсынып отырмыз, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу