Қоғамдастық өкілдері мен ардагерлер кеңесі халыққа үндеу тастады

1142

Қоғамдастық өкілдері мен ардагерлер кеңесі халыққа үндеу тастады

Семей қаласы қоғамдастық өкілдері мен ардагерлер кеңесі халыққа үндеу тастады, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

ШҚО-да су басқан аймақтардың халқы үйсіз қалып отыр. Олардың ішінде балалар, қариялар, жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Барлығы да арнайы орындарға көшірілген. Осыған байланысты Семей қаласы қоғамдастық өкілдері мен ардагерлер кеңесі бүкіл елді көмек қолын созуға шақырады.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, халқымыз қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындық пен ауыртпашылықты бірге көтеріп, жеңе білген. Сондықтан, қиын жағдайға ұшыраған жерлестерімізді жан-жақты қолдап, ынтымағы берік, бірлігі жарасқан ел екенімізді көрсетіп, қолдау көрсетейік. Зардап шеккендерге материалдық және моральдық көмек беріп, өз үлестеріңізді қосамыз десеңіздер арнайы есепшот ашық. Барлықтарыңызды осынау игілікті істен қалыс қалмай, өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіріп, барынша қолдау көрсетуге шақырамыз", - делінген үндеуде.

Қаржылай көмек бергісі келгендер келесі көрсетілген шотқа ақша аудара алады: "Асыл" ҮЕҰ, БИН: 051240009478, есепшот: KZ699650000031221610, “Forte Bank” АҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу