"Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы қайта басталды

1069

Дүкенде чек бермегенін хабарлап, телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

"Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы қайта басталды

12 мамырдан бастап БКМ фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтау бойынша "Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясы қайта басталды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

"Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

App Store немесе Play market-тен "Wipon" мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады. Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында  940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және "Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет" акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу