"Қоғамдық бақылау туралы" заң әзірленуде

1273

Оны қабылдау 2021 жылдың мамырына жоспарланған. 

"Қоғамдық бақылау туралы" заң әзірленуде

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы алдын- ала үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылықтың кеңінен талқылауынан өтіп, қазір Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілгенін айтады. Оның сөзінше, өзгерістер кеңестерді қалыптастыру тетіктерін жетілдіруді, қоғамдық кеңестердің құқықтары мен өкілеттіктерін кеңейтуды көздейді. 

"Толықтыруларға сәйкес кеңестерге нормативті-құқықтық актілерді, жобалар мен өтініштерді қарау бойынша шешім қабылдайтын құқық беріледі. Сондай-ақ жергілікті деңгейде кеңестерге құқық қорғау органдарының басшыларының есебін тыңдау бойынша өкілеттік беріледі. Сондай-ақ қоғамдық кеңестер мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияларға қатысу құқығына ие болады", – деді министр. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы қамтамасыз етуге бағытталған "Қоғамдық бақылау туралы" заң әзірлеуді тапсырған болатын. 

"Қазіргі кезде жұмыс тобы құрылды. Заң жобасы қоғамдық бақылаудың ең маңызды деген қағидаттарын бекітеді. Атап айтқанда, адам және азаматтар құқығының басымдығы, қоғамдық бақылау субьектілерінің ашықтығы мен объективтілігі, қоғамдық бақылауға кедергі келтіруге жол бермеу мәселелері қамтылады. Әрине, құжат жобасы дайын болған соң, ауқымды қоғамдық талқылау ұйымдастырылады", – деген министр  құжатты қабылдау 2021 жылдың маусым айына жоспарланып отырғанын жеткізді.  

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу