Қоғамдық бақылауды кез-келген адам жүргізе алмайды

Мәжілісте оның шарттары қаралды. 

Қоғамдық бақылауды кез-келген адам жүргізе алмайды Фото: zakon.kz

Мәжілістің жалпы отырысында "Қоғамдық бақылау туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатта қоғамдық бақылауды жүргізетін тұлғаға қатысты шарттар белгіленген.

"Қоғамдық бақылауды іске асыруға он сегіз жасқа толмаған, соттылығы өтелмеген, наркологиялық немесе психикалық есепте тұрған адамдар жіберілмейді. Сонымен қатар қызметінде шетелдің қатысы бар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметі тоқтатылған немесе тыйым салынған коммерциялық емес ұйымдарға шектеу қойылады", – деп түсіндірді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.

Айта кету керек, қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша қорытынды құжат 10 күн қаралады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу