Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты.
"18 жасқа толған, соттылығы жоқ, нашақорлық немесе ауытқу бойынша есепте тұрмайтын, сыбайлас жемқорлыққа байланысты ешқандай іс ашылмаған азаматтар қоғамдық бақылаудың субъектісі бола алады. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдарды да кіргіздік. Яғни, шетелден қаржы алмайтын немесе шетелмен қандай да бір байланысы болмаған кез келген үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық бақылаудың субъектісі ретінде қатыса алады", - деді халық қалаулысы "AMANAT" партиясында өткен баспасөз конференциясында.
Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда петиция беруге арналған ресми сайт ашылатынын жазған болатынбыз.