Қоғамдық денсаулық басқармасы тұмауға қарсы 130 мың дозаға вакцина сатып алмақ

813

Алматыда маусымдық індетке дайындық басталып кетті. 

Қоғамдық денсаулық басқармасы тұмауға қарсы 130 мың дозаға вакцина сатып алмақ

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы тұмауға қарсы 130 мың доза вакцина сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Тұмау маусымы қарсаңында Қоғамдық денсаулық басқармасы 130 мың доза препаратқа өтінім берді. 50 мың дозаға қосымша өтінім беру мәселесі де қарастырылуда ", – деді Жандарбек Бекшин брифингте.

Алайда ол тұмауға қарсы нақты қандай вакциналар жеткізілетінін айтқан жоқ. Себебі препараттарды сатып алу бойынша конкурстарды "СК-Фармация" ЖШС өткізеді.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу