Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады

699

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады

Елімізде жаңадан қоғамдық денсаулық сақтау қызметі құрылады. Үкімет отырысында сала министрі осындай ұсыныс айтты. Бастаманы үкімет мүшелері бір ауыздан мүлтіксіз мақұлдады.

Елжан Біртановтың айтуынша жаңа қызмет басты 3 мақсатты қамтымақ. Олар дәлелді медицина негізіндегі таңдамалы жұмысты жүргізу, саладағы қоғамдық бастамаларды қолдау және де халық денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды іске асыру.

Жаңа қызмет тәртібі мүддесінде Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес-қауымдастықтардың осы салаға белсене атсалысуы көзделген. Денсаулық сақтау саласын нығайту барысында еліміз IT-сервистік қызмет түрлері мен аппараттары бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы IBM корпорациясымен бірлесіп жұмыс істеуді бастап кеткендігін, алда Гугл компаниясымен де іске көшетінін ведомоство басшысы мәлімдеді.

Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау министрі

"Қазір расында дүниежүзінде түрлі-түрлі жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Осы қолдан жасалған интеллект салада мысалы жаңағы айтып кеткен гугл компанияда бірнеше коммерциялық жүйеге енгізген технология бар. Жақында сынақ режімінде осындай жаңа технологияларды енгізуді бастаймыз".

Автор: Жалғас Зейнолла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу