Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы тағайындалды

160

Бұл қызметке Эрик Абенұлы Байжүнісов келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басшысы тағайындалды Фото: gov.kz

Эрик Абенұлы 1965 жылғы 26 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар (Алматы мемлекеттік медицина институты, 1988 ж.), философия докторы (PhDr) дәрежесіне және іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие. Ағылшын тілін еркін меңгерген.

Жалпы еңбек өтілі – шамамен 35 жыл, оның 11 жылдан астамы мемлекеттік қызметте.

Эрик Абенұлы дәрігер-хирургтен бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне дейінгі жолдан өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, Денсаулық сақтау министрлігінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығын, сондай-ақ Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығын басқарған.

Қызмет жолында "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Құрмет" медалімен, "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, сондай-ақ II дәрежелі "Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.

ҚДСҰО ұжымы Эрик Абенұлын тағайындалуымен құттықтап, еліміздегі қоғамдық денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу жүйесін дамыту жолындағы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда табыс тілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу