Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы: ІІМ жобаны талқылауға шақырады

435

Бұл стратегиялық құжат "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатына сәйкес қоғамның нақты сұраныстарына бағдарлана отырып дайындалмақ.  

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы: ІІМ жобаны талқылауға шақырады Фото: egemen.kz

Оның дамуына қоғам, халықаралық және ұлттық сарапшылар, ғылыми қоғамдастық белсенді қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты:

  • азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкі мен құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды күшейту;
  • қауіпсіз қоғам құру;
  • қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қолданыстағы тетігін ғылыми деректер мен әріптестікке негізделген қазіргі заманғы превенция жүйесіне трансформациялау үшін жағдай жасау болып табылады.

Тұжырымдама шеңберінде мемлекеттік органдар мен әкімдіктерді жауапкершілікпен тарту, барлық мүдделі тараптармен және азаматтармен әріптестік орнату, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша есептіліктің ашық жүйесі жоспарлануда.

Бұдан басқа, онда бюрократиялықтан қоғам сұраныстарына бағдарланған полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу жөніндегі шаралар бекітілетін болады.

Жобамен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Азаматтық қоғам институттарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және жай ғана бей-жай қарамайтын азаматтар өз ұсыныстарын мына мекен-жайға жібере алады: concept_MVD@mail.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу