Қоғамдық кеңес құру үрдісі қайта қаралды

635

Қоғамдық кеңес мүшелерінің 70 пайызы үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді азаматтар болуға тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов осылай айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Қоғамдық кеңес құру үрдісі қайта қаралды

"Қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі біршама кеңейтілді. Қазір бұл жөнінде заңнамалық ережелер мен нұсқаулықтар әзірленіп, бүкіл мәслихаттарға, мемлекеттік органдар мен қоғамдық кеңестердің өздеріне таратылды. Кеңес құру үрдісі қайта қаралды. Ендігі жерде олардың құрамының 70 пайызы үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді азаматтардан тұруы тиіс", – деді вице-министр. 

Оның айтуы бойынша, жыл соңына дейін президентке осы бағытта атқарылған жұмыстардың есебі алғаш рет ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу