"Сенат түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында және қор тобына кіретін ұлттық компанияларды қоғамдық кеңес құруға байланысты нормаларды нақтылауға бағытталған. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына парламент сенаты енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісуді ұсынады", – деді депутат Арман Қожахметов.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда Сенат жоғарыдағы құжатты толықтыру енгізіп, мәжіліске қайтарды.
Қанат Махамбет