Қоғамдық кеңес жолақыны көтеруді мақұлдамады

806

Қоғамдық кеңес жолақыны көтеруді мақұлдамады

Қоғамдық кеңес мүшелері Қостанайдың қоғамдық көліктерінде жолақыны көтеру туралы өтінімді мақұлдамады. Бұл туралы қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Сова айтты, деп хабарлайды  alau.kz.

"Бәрі өзгеріссіз қалды, 80 теңге болды, солай қалды. Қоғамдық кеңес тасымалдаушылардың өтінішін мақұлдамады. Біз дәл қазір тарифті көтеруге тиімді кез емес деп есептейміз. Тасымалдаушылардың өтінішінде нақты уәж жоқ", - деді Қостанайдың қоғамдық кеңесінің төрағасы.  

Айта кетсек, бұдан бұрын тасымалдаушылар қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 100 теңгеге көтеруді сұрап, әкімдікке өтініш жолдаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу