Қоғамдық кеңестер мемлекеттік сатып алу конкурстарына бақылау жүргізеді

1174

"Қоғамдық кеңес туралы" Заңға түзету енгізілуі мүмкін.

Қоғамдық кеңестер мемлекеттік сатып алу конкурстарына бақылау жүргізеді

Бұдан былай мемлекеттік сатып салу конкурстарын қарайтын комиссияның жұмысына қоғамдық кеңес мүшелері де араласа алады. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов мұндай тетіктің қалай іске асатынын түсіндірді.

"Мұндай жаңалық бар. Бұл негізгі толықтырулардың бірі болып есептеледі. Өйткені қоғамдық кеңес мүшелері ендігі жерде конкурстық комиссиялардың жұмысына қатыса алады. Олар қалай қатысады? Яғни, бұл жерде олар конкурстық комиссияның мүшесі ретінде емес, бақылаушы ретінде қатыса алады. Ал конкурстық комиссияның мүшелігінде болу белгілі бір заңмен реттелген жауапкершілікті қажет етеді. Ал енді қоғамдық кеңес мүшелеріне біз ондай жауапкершілікті міндеттей алмаймыз. Сондықтан бақылаушы ретінде конкурстық комиссиялардың жұмысына қатыса алады. Ал енді олардың пікірлері міндетті түрде комиссияның шешіміне байланысты ескеріледі. Олардың пікірлері сол қоғамдық кеңестің өзінде қаралып, қажет болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасын я болмаса мүшелерін шақырып, сұрақтары тиісті талқылаудан өтетін болады", - деді Болат Тлепов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу