Қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтіледі

554

1 мыңнан аса тақырып бойынша 1500-ден аса талқылау өткізілді. 

Қоғамдық кеңестердің өкілеттілігі кеңейтіледі Фото: Мария Матвиенко

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева арнайы брифинг барысында Президенттің Қазақстан халқына жолдауында берген тапсырмаларын орындау туралы сөз қозғады. Тыңдайтын мемлекет тұжырымдамасы аясында өзі басқаратын министрлікке бес негізгі міндет жүктелді деген ол әрқайсысына жеке тоқталды. 

"Бес негізгі бағыттың біріншісі, қоғамдық кеңестердің өкілеттілігін кеңейту. Екінші, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік құрылымдар ақпаратын халыққа қолжетімді ету. Одан кейін қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу. Онлайн өтініштердің бірыңғай заңды институтын құру және медиация саласын дамыту", – деді министр. 

Аида Балаева айтқан бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар негізінде қоғамдық кеңестер құрылуда. Нәтижесінде орталық және жергілікті органдар жанынан 234 қоғамдық кеңес ұйымдастырылды. Оларға 3,5 мыңнан астам белсенді азамат тартылған. 

"Олардың дені – ғылыми-шығармашылық, интеллигенция, үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және басқа да белсенді адамдар. Кеңес отырысында осы уақытқа дейін 19 мыңнан астам нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды. Сонымен қатар қоғамдық кеңестер маңызды деп саналатын барлық тақырыптар бойынша мониторингтер мен тыңдаулар өткізе алады. Атап айтқанда, қоғамдық көлік, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу, ПИК қызметі және тағы басқа 1 мыңнан аса тақырып талқыланып, 1500-ден аса қоғамдық тыңдау өткізілді", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу