Қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар саны 80%-ға қысқарған

931

Алматыда 114 бағыт бойынша 991 автобус қызмет көрсетуде.  

Қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар саны 80%-ға қысқарған

Алматыда қоғамдық көлікте жолаушылар азайды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев айтты.

"Алматы қаласында карантин тәртібінің енгізілуіне және барлық ұйымдардың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты қоғамдық көліктің жұмыс уақытын сағат 19.00-ге дейін қысқарту туралы шешім қабылданған еді. Соңғы  аптада жолаушылар ағынының 80%-дан астамының азайғаны байқалды", – деп атап өтті Сағындық Телібаев.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде 114 бағыт бойынша 991 автобус қызмет көрсетіп жүр. Бір автобустағы орташа жолаушылар ағыны күніне 107 адамды құрайды. Осылайша, бір рейстегі жолаушылар ағыны 25 адамнан аспайды. Бұл адамдар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

"Қала бойынша қоғамдық көлікте коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін "Алматы қаласының дезинфекция орталығы" ШЖҚ РМК, "Нұр Тансық" ЖШС және "IC Development" ЖШС мамандандырылған компанияларымен барлық автобустарда дезинфекциялау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Мәселен, салондарды дезинфекциялау түнгі уақытта барлық 16 автопаркте жүргізіледі", – деді басқарма басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу