Ер адамның осындай оғаш қылығын жасөспірімдер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар оқиғаны таспалап алып, содан соң ата-аналарына көрсеткен. Кадрдан ер адамның сөмкемен бүркеніп, өзін қанағаттандырып отырғанын байқау қиын емес.
Полиция ол адамның жеке басын ұзатпай анықтаған.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
– Ер адамның жеке басы анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Мұндай әрекет қоғамдық орындардағы тәртіпті өрескел бұзады, айналадағылардың ар-намысына тиеді және біздің қалада мүлдем жол берілмеуі тиіс, – деп түсіндіріп өтті полиция.
Сондай-ақ, ведомство осындай жағдайға куә болғандар бірден 102 нөміріне қоңырау шалғаны, полиция шақырғаны дұрыс екенін ескертті.