Қоғамдық көлікте жолақы аялдама санымен есептелуі мүмкін

814

Қоғамдық көлікте жолақы аялдама санымен есептелуі мүмкін

Өскеменде қала ішіндегі автобустар жаңа тарифпен қызмет етуі мүмкін. Жолаушылар тасымалын басқару орталығы Өскемендегі маршуруттық автобустардың қозғалысын бағытын оңтайландырмақшы. Ол үшін әуелі қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктердің қазіргі жұмысына талдау жасалмақ, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Қаламыз кеңейіп, жаңа тұрғын аудандар пайда болып жатыр. Соларды қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз ету үшін бүгінгі жүйені өзгерту қажет. №19, 23 аудандардың тұрғындары автобустардың кешігіп келетіні жайында жиі шағым айтады. Басында қолданыстағы маршруттардың аралық жиілігін қысқартқанбыз. Одан нәтиже болмады. Мысалы, №60 маршрут автобустарының аралық жиілігі 4 минут, соның өзінде ел сыймай жатады. Сондықтан, қаланың бір шетінен екінші басына дейін қатынайтын маршруттар екіге бөлінетін болады. Яғни, адамдар автобус  ауыстырып мінеді деген сөз. Тағы бір нұсқа бойынша алыс қашықтықта қатынайтын автобустарда жол жүру құны қымбаттау мүмкін. Қай жолдың бізге қолайлы екенін анықтау үшін, конкурс жариялап, зерттеу жүргіземіз" — дейді орталық директоры Ернар Мұстафин. Оның айтуынша, автобустарда жол жүру құны да әділетсіз есептеледі.

"Біреу 2 аялдама жүріп, 90 теңге төлесе, енді бір адам 10-нан астам аялдама жүріп те 90 теңге төлейді. Бүгінгі тарифтің неге сүйеніп тағайындалғанын түсіндірудің өзі қиын. Еуропада "Bus-километр" деген жүйе бар. Әр жолаушы жүрген жолының ұзындығына сай ақы төлеуі керек. Осы сияқты бірінеше тәсілді қарастырып жатырмыз" - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу