Қоғамдық көліктерде бір күнде 200 құқық бұзушылық анықталған

423

Осыған байланысты полиция азаматтардан қандай да бір құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда дереу 102-ге хабарлауды сұрайды

Қоғамдық көліктерде бір күнде 200 құқық бұзушылық анықталған Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері 140 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ өкілдерінің айтуынша, көліктегі құқық бұзушылықтардың көбеюіне байланысты "Тасымалдаушы" рейдтік іс-шарасы басталған.

– Осы мақсатта полиция көліктік кәсіпорындардың басшыларымен кеңестер өткізді, онда автобустарды бейнебақылау камераларымен, 102 каналына шығатын дабыл нүктелерімен жабдықтау мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен 5 700-дей автобус жабдықталған, оның 900-інде бейнені онлайн-қарау мүмкіндігі бар, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Профилактикалық іс-шараның бірінші күні қоғамдық көліктерде жасалған 200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– мүлікті қасақана жою және бүлдіру;

– спирттік ішімдіктерді ішу және мас күйінде жүру;

– белгіленбеген орындарда темекі шегу;

– ұсақ бұзақылық;

– ортақ пайдалану орындарын ластау және басқалары бар.

Қоғамдық көліктерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу