Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады.
"29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көлігі 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, осы уақытқа дейін мегаполисте қоғамдық көліктер 6:00-ден 22:00– ге дейін қатынайтын еді. Сонымен қатар демалыс күндері де қозғалыс шектелген. Кейін қала тұрғындарының сұрауы бойынша автобустар мен троллейбустар жүрісі кестеге сәйкес реттелді. Ал 29 қыркүйектен бастап жұмыс уақыты да бір сағатқа ұзартылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу