Қоғамдық орында мас болып жүрген тұрғын 5 тәулікке қамалды

290

Оған темекі тұқылын тастағаны үшін де айыппұл салынды.

Қоғамдық орында мас болып жүрген тұрғын 5 тәулікке қамалды Фото: sn.kz

Қызылорда облысында қоғамдық орында мас күйде жүрген 30 жастағы тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция мәліметінше, тексеру барысында тұрғынның алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүргені анықталған. Сонымен қатар ол темекі тұқылын арнайы белгіленбеген жерге тастаған.

Аталған құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған. Сот шешімімен тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұған қоса темекі тұқылын тиісті емес жерге тастағаны үшін айыппұл салынды.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және заң талаптарын бұзбауды ескертті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу